Сан- Паулу әуежайынан 1 тонна алтын ұрланды

0
106

Бразилияда бір топ қарулы адам халықаралық Сан-Паулу әуежайының жүк терминалының қоймасынан шамамен бір тонна алтын ұрлап кеткен.

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, бетперде киген бес қылмыскердің атыс қаруы болмаған. Әуе айлағының аумағына өту үшін олар арнайы сигналмен жабдықталған елдің федералдық полициясының түсімен бірдей автокөліктерді пайдаланған. Көліктердің бірі терминалдың аумағына кіру жолын жауып тастаған, сол уақытта қарақшылар екінші көлікпен ғимаратқа кіріп, күзет бастығымен бірге инкассаторлық автокөлікті тұтқынға алған. Оқиға орнынан жасырынған қылмыскерлер көліктерін тастап, жедел жәрдемге отырып кеткен. Полиция қарақшыларды іздеумен айналысып жатыр. Алайда әуе айлағы аумағында тікұшақты пайдалану мүмкін болмағандықтан, іздестіру жұмыстары оңайға соқпауда.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз