Сербия астанасында мыңдаған адам сайлау нәтижесіне наразылық танытып митингіге шықты

0
25
Фото: Darko Vojinovic/AP Photo/picture alliance

Дүйсенбіде, сербиялық оппозицияның бірнеше мың жақтастары Белград қаласында өткен парламенттік және жергілікті сайлаудағы дауыстың бұрмалануына қарсы наразылық танытты. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Александр Вучичтің басқарушы сербиялық прогрессивті партиясы (SNS) жексенбілік сайлауда парламенттегі 250 орынның 127-сін жеңіп алған. Бұған қарсы шыққандар, “ұрылар!” және “Біз дауысымызды ұрлауға жол бермейміз!”, деген лозунгпен митингке шыққан.

Оппозиция жетекшілері Мирослав Алексич пен Марина Тепич Белградтағы сайлау нәтижелері есепке алынбауын талап етіп, аштық жариялайтынын мәлімдеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ), ЕО Парламентінің және Еуропалық кеңестің өкілдерінен тұратын халықаралық бақылаушылар миссиясы 18 желтоқсанда сайлау учаскелеріндегі бірқатар “бұзушылықтар”, соның ішінде дауыстарды сатып алу және жалған бюллетеньдерді жәшікке салу туралы хабарлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз