Шанхай әуежайында 14 мың адам карантинге жабылды

0
114
Photo: newsfront.info

23 қараша күні Шанхайдағы Пудун әуежайының қызметкерінен коронавирус табылғаннан кейін әуежай карантинге жабылды. Бұл туралы Dailymail сайты хабарлады.

Әуежайдың барлық рейсі тоқтатылып, карантинге жабылатыны белгілі болған сәтте 14 мыңға жуық адам қарсылық көрсетіп, дәрігерлерді тыңдамай есікке қарай жүгіре бастады. 

Шанхайдың Пудун әуежайындағы видео ғаламторда тарай бастады. Әуежай қызметкерлері мен жолаушыларды қосқанда барлығы 14 мыңдай адам карантинге алынды. Тест нәтижесі шыққанға дейін ешкім ғимараттан шығарылмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз