Сирияда химиялық қару жоқ – Асад

0
86
дереккөзден

Дамаскта енді химиялық қару жоқ, ол қарудан Дамаск 5 жыл бұрын құтылған, ал Сирия үкіметі химиялық қару қолданады деген айыптау Сирия аумағына басып кірудің алғышарты ғана. Мұндай мәлімдемені Сирияның президенті Башар Асад НТВ телеарнасына жексенбі күні берген сұхбатында айтты.

Асадтың сөзінше, 2013 жылдан бері Сирияда химиялық қару жоқ. «Тіпті болған күннің өзінде оны (химиялық қаруды -ред) жеңіліс тапқанда ғана қолданады, жеңгенде емес», – дейді Асад. Асадтың сөзінше Сирияға басып кірушілер Сирияның үкімет әскері жеңіске жеткен сайын химиялық қару қолданады. Бұл өз кезегінде «Сириядағы лаңкестерді қолдаудың үлгісін ғана көрсетеді», – дейді Асад.

Дамаск үкіметі бұған дейін оппозицияға қарсы улы заттектер қолданды деп бірнеше рет айыпталған еді. Осы жылдың сәуірінде АҚШ пен Батыс коалициясы Сирия астанасының маңындағы бірқатар нысандарға шабуыл жасады. Аталған тараптың пікірінше, бұл нысандар химиялық қару шығарумен тікелей байланысты.

Жексенбіде САР басшысы Асад орыс әскерлерінің Сирия аумағында болуын «әлемдік күшті тепе-тең қалпына келтіру үшін» қажеттігімен түсіндірді. Ол сондай-ақ Батыстың елді қалпына келтіруде созған көмек қолынан бас тартты. Асадтың сөзінше, Сирия шетелде тұратын отандастары және мемлекеттік қазына тарапынан болатын көмекпен қалпына келтіріледі.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, қатарынан 7 жыл үздіксіз соғыс жүріп жатқан Сирияны қалпына келтіруге 350 миллиард еуро көлемінде қаражат қажет.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз