Сирияда химиялық шабуыл

0
86

Шығыс Ғұтадағы химиялық шабуылдың салдарынан ондаған адам, соның ішінде басым көпшілігі балалар зардап шекті. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Химиялық шабуылға бүлікшілер Үкімет әскерін кінәлауда. Дегенмен, билік әскері мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Бұған дейін Дамаск билігі Шығыс Ғұтаның үкімет әскерінің бақылауынан тыс қалған соңғы қаласы Думаны «Джейш аль-Ислам» лаңкестік тобының бүлікшілерінің тастап шығатыны туралы мәмілеге келген болатын.

Бүгінге дейін Ғұтаны 4000-нан астам бүлікші келісім бойынша босатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз