Әскери салада Ресейдің АҚШ-тан басым тұстары қандай?

0
120

Америкалық National Interest сараптамалық басылымы Ресей Қарулы күштерінің АҚШ-тан басым тұстарын атады. Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лайз Сэмптің айтуынша, Ресей жалпы әскери ұрыс пен кибер соғыста алысқа ататын зымыран жүйесінің көмегімен «қорғаныс саласын» құру бойынша АҚШ-тан көш ілгері.

Лайз Сэмп Вашингтонның Мәскеуден нақты артта қалып отырғанын, сондықтан Ресей АҚШ пен оның одақтастары тарапынан болатын әрекетке жауап беруге қауқарлы екенін жеткізді.

АҚШ Қорғаныс министрі басшысының бұрынғы орынбасары Эвелин Фаркас өз кезегінде Мәскеудің қанатты зымыран және әуе шабуылына қарсы қорғаныс сияқты маңызды салаларда күш алғандығын айтып өтті. Фаркастың ойынша, РФ Қарулы күштеріндегі сауатты жетілдірудің соңы АҚШ үшін үлкен проблемаға әкеледі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз