Стивен Хокингтің арбасы аукционға шығады

0
157

Ағылшын астрофизигі әрі космолог Стивен Хокингтің жеке бұйымдары, марапаттары, ғылыми еңбектері саудаға шығарылады.

Christie’s аукцион үйі саудаға шығармақ болып отырған 22 заттың арасында ғалымның  отыратын арбасы, докторлық диссертациясы бар. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, «Кеңейетін ғаламдардың қасиеті» тақырыбында жазған докторлық диссертациясының бес нұсқасының әрбірі 130 мың доллардан 195 мың долларға дейін бағаланып отыр. Арбаның бастапқы құны 13-19,5 мың доллар аралығында болуы мүмкін.

Хокингтің қызы Люсидің айтуынша, аукцион арқылы физик-теоретиктің еңбегіне қызыққандар ғалымның өзгелерден ерекше өмірін еске салатын мұраларды сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз