Немістер алкогольсіз сыраға көшіп жатыр 

0
188

Әлемде алкогольді сыра өндіруден және ішуден алдыңғы қатарда жүретін Германиянада ұрпақ ауысу процессі жүріп жатқан секілді. 4 тамыз Халықаралық сыра күні қарсаңында Германияның статистикалық басқармасы елде 10 жылда алкогольсіз сыра өндірісі екі есеге жуық өскенін хабарлады. 

Висбадендегі федералды статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, елде 10 жылда алкогольсіз сыра өндірісі екі есеге жуық өсті. Мәселен, 2022 жылы 474 миллион литр алкогольсіз сыра қайнатылған болса, 2012 жылы 242 миллион литрден сәл аз. 

Дегенмен, алкогольсіз сыра өндірісінің көлемі 96 пайызға артқан. Дәл осы кезеңде Radler (сыра мен лимонад қоспасы) сияқты сыраға негізделген жеңіл аралас сусындардың өндірісі 2022 жылы 403 миллион литрге дейін дерлік өсті, деп хабарлайды dpa неміс ақпарат агенттігі.

Ал 1 тамызда жариялаған мәліметтерге сәйкес, тек 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында неміс алкогольді сыра қайнату зауыттары өткен жылмен салыстырғанда сыраны 2,9 пайызға аз сатқан.

Сарапшылар мұның себебі Германиядағы халықтың қартаюында және немістердің салауатты өмір салтына ұмтылуында деп есептейді. Осы себепті де алкогольсіз сыраға сұраныс артып жатқадай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз