Ауаны ластағаны үшін салық төлейтін адамдардың саны көбейеді

0
43
photo: avtosreda.ru

Енді Лондонда көлігі ескірген жүргізушілер тек қаланың орталығында ғана емес, қала шетінде де ауаны ластағаны үшін салық төлейді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Лондондағы тозығы жеткен көлік иелері қала орталығына кіру үшін «ластану» салығын төлейді. Бұл заң 2019 жылы енгізіліп, нәтижесін көрсеткен. Бүгінге дейін шамамен 13 фунт стерлинг немесе 7 мың теңге төлегісі келмейтіндер қоғамдық көлікті пайдалануға немесе орталықты айналып өтуге мәжбүр болатын. Енді қала басшысы қала маңына да салық енгізуде. Осылайша салық төлеушілер саны артады.

«Шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Бірақ жыл сайын 4000-нан астам адамның өлімі ауаның ластығынан болып отыр. Әсіресе балалар созылмалы респираторлық аурулармен ауырады, ал ересектер де демікпе мен қатерлі ісік пайда болады», -дейді Лондон қаласының әкімі Садық Хан.

Бірақ бұл бастама тұрғындар арасында да, Үкіметте де көптеген қайшылықтар туғызған. Көптеген адам бұл мәселеге шағым түсіргенімен, Жоғарғы сот қала әкіміне қолдау көрсетіп, шешімді заңды деп тапқан. 29 тамыздан бастап заң күшіне енеді.

Дегенмен, билік бұл заңды шығарып қана қоймай, халыққа жағдай жасап, ескі көліктерін қайта өңдеуге жіберу үшін ақша бөлген. Аз қамтылған азаматтарға 2 мыңға дейін, ал жеке кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарына ескі көліктерін жаңарту үшін 9500 фунт стерлинг беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз