Түркия туристерді қабылдауда рекордты көрсеткішке жетпек

0
85

Түркияның мәдениет және туризм минмстрі Мехмет Ерсой осы жылы ел аймағына туристерді қабылдауда рекордты көрсеткішке жетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Ел үкіметінің болжамына сәкес, биылғы жылдың соңына дейін елге 40 миллионнан астам турист келеді.  2019 жылы елге келуші туристер саны биылғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дейді министр. 

Алайда Түркияға келуші туристер саны күннен күнге артып келе жатқанымен, адам басына жұмсалатын шығынның төмендеуіне байланысты келушілер санының өсуі ел қазынасына кіретін табысқа әсер етпейді.

Түркия статистикалық институтының 31 қыркүйекте жарияланған мәліметінше жылдың үшінші тоқсанында елге келген шетелдік қонақтардың саны 12,7 пайызға артып, 18,8 миллион адамға жетсе де, туризм саласынан түскен жылдық табыс 11,5 млрд долларға ғана өскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз