Түркиядан үй сатып алуда ресейліктер рекорд жасады

0
36
Стамбул қаласы.

Былтыр Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктер арасында ресейліктер бірінші орынға шыққан. Бұл жөнінде РБК басылымы хабарлады.

Рекордтық көрсеткіштің тіркелуіне Түркия азаматтығы немесе ықтиярхат алғысы келгендердің көп болуы түрткі болған.

Бір жылда ресейліктер Түркиядан 16 300 үй немесе пәтер сатып алған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен үш есе артық және кейінгі алты жылда сатып алынған мүліктер санынан жүз нысанға көп.

Ресейден кейін алғашқы бестікте Иран, Ирак, Қазақстан және Германия азаматтары тұр.

Өткен жылы БАӘ-нің ең ірі қаласы Дубайдан жылжымайтын мүлік сатып алған резидент емес азаматтар арасында ресейліктер бірінші орында тұрғаны бұған дейін хабарланған. Алғашқы бестікке Ұлыбритания, Үндістан,Италия және Франция азаматтары кірген.

2022 жылдың 24 ақпаннан кейін Түркия мен БАӘ ресейліктер ең көп баратын елдердің біріне айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз