Түрмеде отырған Алексей Навальный жоғалып кетті

0
27
(Фото: Денис Каминев / AP)

Белгілі ресейлік оппозиционер Алексей Навальный із-түссіз жоғалып кетті. Алексейдің адвокатына оның түрмедегі тұтқындар тізімінде жоқ екендігі хабарланған. Бұл туралы Навальныйдың баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде бөлісті.

Осылайша Навальныйдың жақтастары оның байланысқа шықпағанына бір аптаға жуық уақыт болғанын айтуда. Ал, бұған дейін оппозиционердің жағдайы нашарлап, медициналық ем қабылдап жатқаны айтылған. Кейбір жергілікті БАҚ беттері оның «жағдайы жақсы» деп жазғанымен, бұл ақпарат толықтай расталмаған.

Биылғы жылдың тамыз айында Алексей Навальныйға қарсы Ресей соты “экстремистік” іс бойынша үкім шығарды. Оған ерекше тәртіптегі түрмеде жазасын өтеу үшін 19 жылға бас бостандығынан айырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз