Тәжікстанда төрт шетелдік турист өлтірілді

0
120

Тәжікстан билігі шетелдік туристерге жасалған шабуылды лаңкестік әрекет ретінде қабылдайды. Бұл туралы 30 шілдеде Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода хабарлады.

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, министр журналистерге елдегі билік аталған жайтқа қатысты түрлі нұсқаларды (“Жол-көлік апаты, қарақшылық шабуыл және ұрлық, өлтіру”) қарастырып жатқандарын хабарлады.  “Лаңкестік шабуыл болуы да мүмкін”, – дейді Р. Рахимзода.

Тәжікстан ІІМ таратқан ақпарға сәйкес, туристерді басып кеткен автокөлік кейіннен табылған. Болжамды түрдегі ақпарға сәйкес, көлікте жүргізушіден өзге тағы үш адам болған. Ықтимал қылмыскердің біреуі ұсталған, екеуі қарсылық таныту барысында қаза тапқан. Кейіннен аталған қылмысқа қатысы бар топ құрамындағы үш адамды құрықтау мүмкін болған. Тағы үшеуіне іздеу жарияланды.

29 шілде, жексенбіде Тәжікстанда велосипедпен қыдырып жүрген жеті туристке автокөлікпен шабуыл жасалған. Үш адам оқиға орнында қаза тапса, біреуі емханада көз жұмған. Қаза тапқандардың біреуі АҚШ азаматы, біреуі швецариялық, біреуі Нидерланды азаматы. Тағы бір турист Франция азаматы пышақ жарақатымен жергілікті емханаға жеткізілген. Қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін суытып үлгерген.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз