Ташкентте электромобиль қоймасында жарылыс болды

0
109
фото: gazeta.uz

Ташкентте әуежай маңында орналасқан қоймада жарылыс болды. Жарылыс болған жерден 30 шақырым радиуста да сезілген. Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ташкенттегі жарылыстың себебі электромобиль мен соның батареялары бар қоймаға найзағай соғуы әсерінен болған.

Жарылыс, 28 қыркүйекке қараған түні Ташкенттің Сіргелі ауданы “Құрылысшылар” филиалындағы “Inter Logistics” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада болды.

Жергілікті уақытпен сағат 2:43-те ТЖМ-ға өрт туралы хабар келіп түскен. Жарылыстан кейін Ташкенттің Сіргелі ауданындағы қоймада өрт шықты. Зардап шеккендер бар. Желілердегі бейнежазбаларда үй мен басқа да заттардың қатты зақымдалғанын көруге болады. Қазір тілсіз жау ауыздықталған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қатты жарылыс естіледі. Жақын маңдағы үйлер, сауда және басқа да орталықтар айтарлықтай зардап шеккен. Жедел жәрдем пәтерлерді де аралап жүр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз