Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Франция азаматтығын алған

0
108
photo: profile.ru / Павел Дуров

Ресейлік Telegram және VK әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 2021 жылдың тамыз айында Франция азаматтығын алған. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

Дуровтың жаңа азаматтық алуы туралы қаулы Францияның үкімет бюллетенінің сайтында жарияланған. Алайда Дуров бұл туралы ресми мәлімдеме жасамаған.

Кәсіпкердің Ресей азаматтығынан бөлек, Кариб теңізі аралдарында орналасқан Сент-Китс және Невис штатының төлқұжаты да бар. Бұл құжат оған Еуроодақ пен Ұлыбританияны визасыз аралауға мүмкіндік береді.

Дуров «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің акцияларын сату кезінде туындаған жанжалдан кейін Ресейден кетіп, онда қайтуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Кәсіпкер және бағдарламашы Павел Дуров 2006 жылдың қазан айында ВКонтакте әлеуметтік желісін құрды. Бұл қазіргі уақытта Ресейдегі ең үлкен әлеуметтік желілердің бірі. 2014 жылы ол Вконтакте бас директоры қызметінен және Ресейден кететінін мәлімдеді. Ал, 2013 жылы әлемге Telegram мессенджерін таныстырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз