TESLA зауытында өрт шықты

0
135
Vehicles pass the Tesla Inc. assembly plant in Fremont, California, U.S., on Monday, May 11, 2020. David Paul Morris | Bloomberg | Getty Images

АҚШ-тың Фремонт (Калифорния) қаласындағы Tesla электромобилін шығаратын зауыттың аумағында өрт шықты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, өрт салынып жатқан ғимараттан басталған. Өрт сөндірушілер мен Tesla қызметкерлері өртті сөндіру үшін құм пайдаланған.

Өрт шығу себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеген.

Бұған дейін Калифорниядағы Tesla зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғаны хабарланған болатын. Компанияның негізін қалаушы Илон Маск “жұмысты тоқтата тұруға кей құрылғылардың  жеткізілуінде болған үзіліс себеп ” деп түсіндірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз