Тілсіз жау: Афинадағы өрт салдарынан 50 адам қаза тапты

0
120
AP photo/Афинаның шығысындағы Мати қаласындағы өрт

Афина маңында болған орман өрті салдарынан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Бұл туралы DPA агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін ERT телерадио хабар тарату корпорациясы орман өртінен 24 адамның қаза тапқандығы туралы хабар таратқан еді.

Агенттік ақпарына сәйкес, тағы да 26 адамның мәйіті табылған. Бұл хабарды қала мэрының орынбасары Георгиос Кокколис те растады.

Грекияда шілде айының басынан бері ыстық ауа-райы, термометр көрсеткіші 30-40 градусқа жетеді. Дүйсенбіде Афина маңында бірнеше аумақтан өрт шықты. Табиғи апатты ауыздықтау үшін ел билігі өзге мемлекеттерден көмек сұрады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз