Трамп мұнай бағасын қалай құлдыратқанын айтты

0
51
REUTERS/Leah Millis©

The Washington Post басылымына сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына хабарласып, мұнай бағасын қалай құлдыратқанын мәлім етті.

“Мұнайдың бағасы екі жарым ай бұрын барреліне 82 доллар болды, тіпті 100 долларға да таяған еді, бұл салықтың ұлғайғаны сияқты үрдіс еді. Мен мұны қаламадым. Мен оларға (Сауд Арабиясына-ред) хабарластым, олар бағаны құлдыратты, және бағасы барреліне 52 доллар болды”, – дейді Трамп.

Ақ үй басшысының сөзінше, Саудияға қоңырау “шамамен үш ай бұрын” соғылған.

Бұған дейін Трамп өзінің Twitter парақшасында мұнай бағасының төмендегені үшін өзін-өзі мақтаған еді. Бағаның құлдырауын ол “барша жаһан үшін салықтық жеңілдік” деп атады.

Осы жылдың қазан айының ортасында мұнай бағасы арзандай бастады, қарашаның басында мұнай бағасы бір жылда барреліне 60 доллардан да төмендеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз