Стокгольмдегі лаңкестік әрекетке қатысты сот процесі басталды

0
119
дереккөзден

Швецияда ел тарихындағы ең ірі сот ісінің бірі Стокгольмде болған лаңкестік әрекетке қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы – 39 жастағы Өзбекстан тумасы Рахмат Ақилов.

Тергеу бойынша, өткен жылдың 7 сәуірінде қылмыстық істі мүмкін орындаушы Ақилов жүк көлігін айдап кетіп, швед астанасының орталық көшесінде өту жолағындағы жаяу жүргіншілерге қасақана шабуыл жасаған, деп жазады Euronews. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Ақилов оқиға орнынан ізін суытып үлгергенімен, бірнеше сағаттар өткеннен кейін қолға түскен.

Тергеу барысында Ақилов жасаған қылмысын мойындап, өз әрекетін ИГИЛ*-мен күрес жүргізіп жатқан Швецияны «жазалау» деп түсіндірген. Сот-психиатриялық сараптамасы айыпталушыдан психологиялық ауытқулар анықтамаған.

Айыптаушы тарап Ақиловты өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот үкімі маусым айының соңында белгілі болады деп күтілуде.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз