Түрік әскерлері Африндегі ауруханаға шабуыл жасады

0
124
РИА Новости

Түрік әуе күштері Сириядағы Африн аймағындағы қалалық ауруханаға шабуыл жасады (жарып жіберді). Салдарынан 11 адам қаза тапқан, ондаған адам жаралы. Бұл туралы РИА Новости аурухана қызметкеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Аурухана елеулі материалдық шығынға ұшырады», – деп хабарлайды аурухана қызметкері. Дереккөз таратқан ақпарға сәйкес, әуе шабуылы салдарынан аурухана қызметкерлері жараланған азаматтарға қажетті мөлшерде көмек көрсете алмай жатыр.

Бұған дейін сириялық Күрдістан өкілі Африндағы 30-дан аса адам бейбіт тұрғын түрік әскерінің әуе және артиллериялық шабуылдары салдарынан қаза тапқанын мәлімдеді.

Еске салсақ,20 қаңтарда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастайтынын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз