Украинадағы соғыс әлемдегі 1,7 миллиард адамды аштық пен кедейлікке ұшыратуы мүмкін

0
271
фото: turkystan.kz

13 сәуірде Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш twitter парақшасында Украинадағы соғыстың әсерінен әлемдегі 1,7 миллиард адамның аштық пен кедейлікке ұшырау қаупі бар екенін жариялады.

USA TODAY сайтының хабарлауынша Украинаға Ресейдің жариялаған соғысының әсері тек украиналықтарға емес әлемнің осал тұстарына да әсер етті. Бұл дағдарыс 1,7 миллиард адамды, адамзаттың шамамен бестен бір бөлігін, кейінгі онжылдықтарда болмаған ауқымда кедейлік, жоқшылық пен аштыққа ұшыратуы мүмкін. 

Украина мен Ресей Федерациясы дүние жүзіндегі бидай мен арпаның шамамен 30%-ын, жүгерінің бестен бір бөлігін және күнбағыс майының жартысынан астамын өндіріп, шетелге шығарады. Осылайша олардың астығы 45 африкалық және аз дамыған елдердің импорттаған бидайының үштен бірінен астамын қамтамасыз ете отырып, әлсіз топтағы адамдарды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда осы екі ел арасындағы соғыс кері әсер тигізуде.

“Украинадағы соғыс пен оның әлемнің осал тұстарына әсерін тоқтатудың жалғыз тұрақты шешімі – бейбітшілік” – дейді бас хатшы Антониу Гутерриш

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз