АҚШ визасын алу бара-бара жеңілдейді

0
179

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қазақстан азаматтарына виза беру шарттарын біртіндеп жеңілдетеді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елші Крол 2 ақпан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының қорытындысына орай ұйымдастырылған баспасөз-мәслихатында масс-медиа өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қазақстандықтардың виза алу мәселесіне тоқталған американ дипломат АҚШ-та виза саясаты негізінен көптеген агенттіктерге, атап айтқанда үкіметке және сыртқы істер министрлігіне қатысты екенін атап өтті. «Біз қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдетуді қалаймыз» деген Джордж Крол бұрын 5 жылдық мерзімге берілген виза уақытының қазіргі уақытта 10 жылға шейін ұзартылғанын еске салды.

«Мұнан ары қалай кеңейте алатындығымызды қарастырамыз. АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режім қашан орнайтындығын дөп басып айта алмаймын. Дегенмен, оның болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармаймын. Қазіргі уақытта біз оны біртіндеп кеңейтудеміз», – деп қорытындылады Джордж Крол.

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз