Назарбаев пен Путин Сочи конгресінің қорытындысын талқылады

0
57
РИА Новости

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті  Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында Сочидегі Сирия ұлттық конгресінде қабылданған шешімдер Сириядағы жағдайды тұрақтандыруда елеулі үлес болатынын атады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан өзге Н. Назарбаев В. Путинді 30 қаңтар Сочидегі ұлттық конгрестің сәтті өтуімен құттықтады.

«Конгресс барысында қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы БҰҰ-ның қолдауымен Сириядағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге елеулі үлес болады. Осы тұрғыда Астана форматындағы жұмыстың жалғасуына (Астана процесі – ред) сұраныстың жоғары екені аталды»,

– деп хабарланды.

Телефонмен тілдесу барысында екі жақты ынтымақтастықты, оның ішінде қазіргі заманғы технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері қозғалды. Президенттер 2 ақпан Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумын жоғары бағалады. Сондай-ақ,қос мемлекет басшысы алдағы байланыстар кестесіне келісті.

Атап өтерлігі, телефонмен тілдесуге Қазақстан тарапы бастамашы болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз