Венесуэла доллардан бас тартты

0
105

Венесуэла АҚШ долларынан бас тартатынын мәлімдеді, бұл туралы елдің вице-президенті Тарек Эль-Айсами мәлімдеген.

Вице-президент елдің АҚШ долларынан бас тарту себебін Вашингтонның Каракасқа салынған санкцияларының салдары деп түсіндірген.

Ол өз мәлімдемесінде америкалық санкциялар «Венесуэланың валюта нарығында АҚШ долларымен сауда-саттықты жалғастыру мүмкіндігін бұғаттады. Бұл халықаралық құқыққа қайшы заңсыз шектеу», деп мәлімдеген.

Бұдан кейін Венесуэлада доллардың орнына еуро немесе басқа айырбас валюталары қолданылатын болады.

Соңғы бірнеше жылда Венесуэла өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешті. Бұл жергілікті валютаның құнсыздануы, азық-түлік пен медициналық тауардың тапшылығына алып келген. Дағдарыс салдарынан 2.3 миллион азамат елден көшіп кеткен болатын.

Халықаралық Валюта Қорының болжамдарына сәйкес, 2018 жылдың соңына қарай елдегі инфляция деңгейі бір миллионға жетуі мүмкін.

Венесуэла президенті Николас Мадуроның осы жылғы сайлаудағы жеңісінен кейін АҚШ елге жаңа санкциялар енгізді. Қыркүйек айының соңында Трамп үкіметі Венесуэланың биліктегі элитасына бірқатар шектеудлер қойды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз