Көмірдің бағасы қай қалада қымбатырақ?

0
156

Республика бойынша қатты отынның бағасы өзге облыстарға қарағанда Оралда қымбатырақ. Аталған аймақта көмірдің тоннасы 17.5 мың теңгеден сатылуда. Ал Шымкентте көмірдің 1 тоннасын 16 мың теңгеден ала аласыз.

2018 жылдың қыркүйек айының соңында орталықтандырылған жылу тарифі 1 Гкал үшін 4 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда 4,1 есе артық.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын көмірге және отынға арналған бөлшек баға айтарлықтай өсті.

Қыркүйек айының соңына қарай көмірдің орташа бағасы тоннасына 12.9 мың теңгенң құрады. Ағаштың текше метрі жыл ішінде 9.3 пайызға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 6 мың теңгеге дейін өскен.

Жоғарыда атағанымыздай республика бойынша көмірдің бағасы өзге облыстарға қарағанда Оралда қымбатырақ.

Ағаш отынның бағасы өзге қалаларға қарағанда Астана (12.7мың теңге) мен Қызылордада (9.2 мың теңгн) едәуір жоғары.

Орталықтандырылған жулы жүйесі бойынша ең жоғары баға Шымкентте 6.8 мың теңгемен тоқталса, Алматыда 6.6 теңгені құрады.

Сондай-ақ, табиғи газдың да бағасы республика бойынша Шымкент пен Алматыда ең жоғарғы көрсеткіште.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз