Қырғызстанның бұрынғы президентін ұстау операциясында 1 адам қаза тапты

0
66
Сурет: kabar.org

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына жасалған операциядан 1 адам қаза тапты. Тағы 45 азамат жарақат алған. 

7 тамыз күні кешкісін Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция бастаған еді. Ол Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде жүргізілген болатын. Осыдан кейін бұрынғы президент оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

Қырғыз елінің бұрынғы басшысының үндеуі өз бақылауындағы  “Апрель” телеарнасында көрсетілді. Онда Атамбаев әскерилерді өз халқына оқ атпауға шақырды. Бұған қоса, атыстан кінәсіз адамдардың зардап шегуіне байланысты өкініш білдіріп, қазіргі биліктің қатыгездігі таңқалдыратынын жеткізді. Сондай-ақ үндеу барысында өзін тұтқындауға жол бермей, аман алып қалған адамдарға алғыс айтты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел парламенті бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше айып таққан болатын. 24.kz хабарлауынша, тағылған айып дәлелденсе дәлелденсе, Атамбаев өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз