Қытайда балалар арасында ауру не үшін көбейгені белгілі болды

0
77
фото: elorda.info

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша Қытайда балалар арасында тұмау және пневмонияға ұқсас ауру көбейген.

13 қарашада денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері Қытайда респираторлық инфекция көбейгендігі туралы хабарлады. Бұның себебін ҚХР билігі, коронавирусқа қарсы, тұмау вирусына және балаларда байқалатын кең таралған бактериялық инфекцияға қарсы шектеулерді алып тастауымен байланыстырды.

Ал, 21 қарашада БАҚ беттерінен солтүстік Қытайда, балалар арасында диагнозы қойылмаған пневмония ошақтары туралы хабарламалары пайда болды. Қазан айының ортасынан бастап Қытайдың солтүстігінде алдыңғы үш жылмен салыстырғанда тұмауға ұқсас аурулардың көбеюі тіркелген.

Осыған байланысты ДДСҰ науқас адамдардан қашықтықты сақтауға, қажет болған жағдайда тестілеуден өтіп, медициналық көмекке жүгінуге, тиісті жағдайларда маска қолдануға, үй-жайларды желдетуге және үнемі қолды жуып жүруге кеңес береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз