Қытайда нөсер жауын әсерінен 2 миллион адам зардап шекті

0
206
photo: Pixabay, нөсер жауын көркемдік сурет

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 2 миллион адам зардап шегіп, 300 мың адам эвакуацияланған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Цзянси провинциясында нөсер жаңбыр жауып 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысы бұзылған. Жауын салдарынан 150 мың гектар егістік су астында қалған. Осыған байланысты провинцияға 6,79 млрд юаньнан астам шығын келді ($1,01 млрд).

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған. Айта кетейік, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз