Жаклин Кеннеди тұрған жекежайды Саудиялықтар сатып алды

0
118
дереккөзден

Сауд Арабиясы билігі АҚШ-тың Вирджиния штатынан Американың 35-ші президентінің жары Жаклин Кеннедидің балалық шағы өткен жекежайды аукционда 43 млн долларға сатып алды.

The Wall Street Journal таратқан ақпарға сәйкес, аталған сомма Вашингтон мен оның сырт жағындағы ғимараттар үшін жасалған осындай мәмілелердің ішіндегі ең ауқымдысы болған. «Мерривуд» деп аталатын жекежайға АҚШ-қа келген Сауд Арабиясы делегациясы жайғасатын болады.

Бұған дейін аталған жекежай AOL компаниясының негізін салушылардың бірі Стив Кейске тиесілі болған еді. Кейс аталған үйді 2005 жылы 24,5 млн долларға сатып алды.

1940 жылдары аталған жекежайда АҚШ-тың 35-ші президентінің болашақ жары Жаклин Бувье (Кеннеди) тұрған.

Үй Потомак өзенінің жанында орналасқан, аумағы 2,3 га.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз