2021 жылғы білім беру саласының рейтингінде Қазақстан 71-орынға тұрақтады

0
549
photo: pixabay

2021 жылғы білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 71-орынға ие болды. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

US News & World Report цифрлық медиа компаниясы жасаған статистика бойынша білім беру саласындағы ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 71-орынға тұрақтады.

“2021 жылғы білім беру саласындағы үздік елдер рейтингі үш критерия бойынша ұпайлар жинап, жаһандық сауалнамаға негізделді: 1. жақсы дамыған мемлекеттік білім беру жүйесінің болуы, 2. адамдар сол елдерде университетке түсуді қалайды ма және сол елде қолжетімді жоғары оқу орны бар ма? 3. жоғары сапалы білім бере алады ма?”- делінген US News & World Report цифрлық медиа сайтында.

Сарапшылардың пікірінше, рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия. Ал, ең әлсіз позиция Гватемалада. Рейтингте көрсетілген ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Өзбекстаннан ғана жоғары орында тұр. Қазақстан Республикасынан Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан елдері жоғары орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз