86 оқушы халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

0
153

Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. 3 күнге созылған білім сайысында 86 жүлдегер анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

«Дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау» ,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медалімен марапатталды.

Айта кету керек, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді. Шара Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз