Айдан су табылды

0
103

Зерттеушілер айдың бетінде мұз күйіндегі су бар екендігін дәлелдеді. Мұз айдың екі полюсінен де — солтүстік және оңтүстік полюстерінен табылды және оның жатқанына миллиондаған жылдар болған.

Бұл ақпарат Айды 2008 және 2009 жылдары зерттеген Үндістанның «Чандраян-1» серігінің көмегімен ашылды. Зерттеу нәтижелері туралы мақала Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) журналына жарияланған болатын.

Ғалымдардың айтуынша, мұз айдың бетінде біркелкі немесе біртұтас күйде емес, шағын участоктерде шашылып жатыр.

Себебі, мұз ай кратерлерінің ешқашан күн сәулесі түспейтін жерлерінде. Ай 1,54 градус еңкіш болғандықтан оның бетінде Күн түспейтін бөліктер бар.

Егер ай бетінен әжептәуір көлемде мұз табылса, тіпті оның қалыңдығы бірнеше миллиметр болса, мұның өзі өте маңызды дейді ғалымдар. Өйткені, болашақта айға баратын астронавтар жерден су тасымай, сондағы мұзды ауызсу ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар одан сутегі алып зымыран отыны үшін, ал оттегіні астроновтарға ауа ретінде қолдануға болады.

Мұз бұған дейін Күн жүйесінің басқа объектілерінен, мысалы Меркурийдің солтүстік полюсінен және кішкентай Церес планетасынан табылған болатын.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз