Ата-аналар мен талапкерлерге онша қызықты емес, кейде гранттар игерілмей қалатын мамандықтар аталды

0
63

Бүгінгі Үкімет сағаты «Аграрлық ғылымды дамытудағы және агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналды. Жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған саладағы жұмыстарға тоқталып өтті. 

Мәселен, министр 2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында оқу бітірген 57 пайыз студент жұмысқа тұрғанын, былтыр бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін көтеріліп, биыл 80 пайызға дейін жеткізу жоспары бар екенін айтты. Алайда, аталған мамандықтарға қызығушылықтың да аса қатты емес екенін атап өтті.

«Ең үлкен мәселе ол, мемлекеттік тапсырысты көбейте берсек те ветеринария, агрономия, су қауіпсіздігі, карантин и защита растений тәрізді сирек кездесетін және өте керекті ауыл шаруашылыққа тапсыратын талапкерлердің өкінішке орай саны аз. Кейбір жағдайларда біздің гранттар игерілмей қалады»,-деді С.Нұрбек. 

Тиісінше, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтардың сыртқы бейнесі, жалақысы, мансабы, жұмыспен қамтамасыз етуі, практикалық жағдайы және тағы басқа факторлар ата-аналар мен талапкерлерге онша қызықты емес екені айтылды. 

Сонымен қатар, Саясат Нұрбек осы жылдан бастап Президент тапсырмасымен ғылымның қаржыландырылуы үш жарым есе ұлғайғанын, атап айтқанда, 2023, 2024, 2025 жылдарға 643 млрд теңге бөлінгенін қуана хабарлады. 

«Ал аграрлық салаға бөлінетін қаржыны бөлек есептейтін боламыз»,-деді министр. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз