Атыраулық оқушылар “Елбасы медалімен” марапатталды

0
684
Атырау қыздар лицейі

30 наурыз күні Атырауда 23 оқушы “Елбасы медалі” жобасының қола медальдарімен марапатталды. Бұл туралы kazaknews.kz сайты хабарлайды.

Жүлдегерлер, Атырау облысы мамандандырылған дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары.

Атырау қыздар лицейінің “Елбасы медалі” иегерлері

Аталмыш марапаттау іс-шарасы “Елбасы медалі” жобасының жауаптылары мен мектеп әкімшілігінің қолдауымен мектеп қабырғасында өткізілді. Бұл жоба аясында оқушылар 6 ай бойы мәдениет, спорт, өнер және жалпы өздерін жан-жақты дамыту тапсырмаларын орындап жақсы нәтижелер көрсете білді. Оқушылардың еңбектері ескеріліп “Елбасы медалінің” қола медаль иегерлері атанды.

“Елбасы медалі” – Қазақстандағы ең ауқымды challenge бағдарлама. Оған қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарлама талаптарын орындауы керек. Осы уақыт аралығында олар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесі.

Бұл бағдарлама 2020 жылы елдің барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Қатысушылардың жалпы санының 23%-ы ауыл балалары. Соның ішінде 3 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтады.

қосымша оқи отырыңыз – Қазақстандықтар “Елбасы медалімен” марапатталды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз