Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қашан соғылады?

0
1,592
photo: egemen.kz

Қазақстан білім және ғылым министрілігі 2020-2021 оқу жылының аяқталуы туралы және мұғалімдер мен оқушылардың демалысы жөнінде хабарлады.

  1. Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
  2. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады.
  3. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады.

“Мектептер 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек”, – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз