Қазақстанда саманнан жасалған 239 мектеп бар

0
42

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов, Қазақстанда 200-ден астам мектептің қабырғасы *саманнан тұрғызылғанын айтты.

Депутаттың айтуынша, елімізде салынғанына 100 жылдан астам уақыт өткен мектеп саны да аз емес.

«Бізде 442 ескі мектеп бар. Саманнан жасалған 239 мектеп бар. Қазіргі уақытта апаттық жағдайдағы мектептердің саны 52-ден асты. Жалпы, салынғанына 100 жылдан асқан мектептер де көп. Сондықтан осы мектептерді тиісті мерзім сайын тексеріп отыру маңызды болып тұр. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып түсті. Әйтеуір балалар сол уақытта мектепте болған жоқ», – дейді А. Аймағамбетов.

*Саман, кесек –– сазды топыраққа органикалық қоспалар қосу арқылы жасалатын құрылыс материалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз