Қазақстанда 84 мыңнан астам студентке жатаханада орын жетпейді

0
216
Photo: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда 84 мыңнан астам студентке жатақханада орын жетпейді. Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатын орын қажет. Бұл туралы “Қаржы орталығы” АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова айтты.

Сағындықованың сөзінше, 2018 жылдан бастап жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс тетігі әзірленбек.

“Біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл жобаға әлеуметтік нысанды салушы ретінде ғана емес, табысты және келешегі мол бизнес жоба ретінде қараған жөн”,- дейді ол.

Сонымен қатар, спикер, әсіресе алматылық студенттерге жатақхана жетпейтінін айтады.

“Қазіргі уақытта еліміз бойынша 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатақхана қажет. Себебі, жоғары оқу орындарының басым бөлігі Алматыда. Айта кетейін, бұл бастамаға 152 млрд теңге қарастырылған”,- деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз