Қазақстанда жаңа оқу жылында 81 жаңа мектеп ашылады

0
280
фото: Ақтөбе газеті

Елімізде жаңа оқу жылының қарсаңында 81 жаңа мектеп ашылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

“138 мектеп мақсатты құрылыс есебінен салынады. Қалған 61 мектеп – жеке инвестиция есебінен тұрғызылады. Жаңа оқу жылының қарсаңында 37 мыңға жуық орынға негізделген 81 жаңа мектеп ашылуға дайын болуы тиіс. Әкімдіктер ұсынған мәліметке және жеке инвесторлармен алдын ала жасалған шарттарға сәйкес, биыл қыркүйек айында 41 мемлекеттік және 40 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр”, – деп хабарлады мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында 3,6 млн бала мен 384 мың педагогты қамтитын 7700-ге жуық мектеп ашылады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

1 қыркүйекке дейін 213 мектептің жөндеу жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Алайда, 12 өңірде, әсіресе Батыс Қазақстан облысында – 12, Алматы облысында – 5, Түркістан облысында – 4, Жетісу облысында – 4, Атырау облысында – 3 мектептің күрделі жөндеу жұмысы мерзімінен кешігуі мүмкін. Осыған байланысты, әкімдіктер 48 мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сабақ өткізілетін орындарды анықтап, оқушылардың мектептегі қауіпсіздігін  қамтамасыз етуі тиіс”, – деді вице-министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз