Қазақстан білім беру жүйесіндегі кемшіліктер талқыланды

0
407

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент тыңдалымында Қазақстанның білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді баяндады.

«Мектептердегі білім әлі де әдеттегі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Нақты білім кейінге ысырылған. Мектептерде, әсіресе бітіруші сыныптарда ҰБТ-ны табысты тапсыруға көп күш салынатыны жасырын емес. Оқу үдерісі оның рейтингіге байланысты мектеп үшін жақсы көрсеткіштерді алуға бағытталған. Жақында білім беру гранттарының бөлінуіне байланысты ата-аналардың наразылығын тудырған оқиғалар материалдық сипаттағы шұғыл өзгерістердің қажеттілігін көрсетті», – деді Тоқаев.

Ол бұрынғы қателіктерге байланысты мектеп оқулықтарының үнемі жаңарып отыруын тілге тиек етті.

«Бұл экспертизалық үдерісті жетілдірудің өзекті қажеттілігін білдіреді. Бұл ата-аналар мен жұртшылық арасында наразылық тудырады. Орыс тілі оқулығына қатысты соңғы орын алған жағдай қоғамда кең талқыға салынды. Әрине, бұл жағдайда сарапшылар пікір айтуы тиіс, біз аталған салада маман емеспіз»,  – деп түйіндеді.

Сенат спикері Білім және ғылым министрлігіне қазақстандық білім беделі мен сапасына айтарлықтай зиян келтіретін бұл кемшіліктерді шұғыл жою қажеттілігін мәлімдеді.

«Білім беру саласындағы барлық кемшіліктер ол дұрыс емес, әділетсіз бөлінген гранттар болсын я болмаса сапасыз оқулықтар болсын ішкі саясаттың елеулі факторына айналып, еліміздегі тұрақтылыққа теріс әсер ететінін түсіну қажет», – деді.

Сонымен қатар Сенат спикері білім беру жүйесінің оң аспектілеріне, мәселен, электронды «Күнделікке» тоқталды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Тоқаев пікірталас тудырған орыс тілі оқулығының авторымен сөйлесті.

Атап өтсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз