Бүгін халықаралық Жәутіков білім олимпиадасы басталды

0
151
фото: tolqyn.kz

1 ақпан күні Алматыда ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Оған 1200-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Алыс және жақын шетелден, соның ішінде Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және т.б. елден келген 281 команда бірден үш пән – математика, физика және информатика бойынша білімін сынайды.

Зияткерлік сайыста еліміздің намысын 250-ге жуық оқушыдан құралған 35 команда қорғайды.

Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептің оқушылары қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептің мықты командасының рейтингі жасалатын болады.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына ТМД-ның ең мықты техникалық университеттерінің өкілдері кіреді. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальмен марапатталады.

Олимпиада 1-10 ақпан аралығында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтеді. Сайыс қорытындысы 10 ақпанға жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз