Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

0
696
photo: 24.kz

10 тамыздаа Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігі білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Тізімді төмендегі сілтеме арқылы қарауға болады. 

БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын 9 тамызда аяқтаған. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін осы комиссия мүшелері қараған. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады. 

Биыл билік халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейткен. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім түскен. Комиссия құжаттарды 13-22 шілде аралығында қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз