Еуропа Одағы Ресейден көмір сатып алуды доғарды

0
302
Photo: rferl.org

10 тамыздан бастап Еуропа Одағында Ресейден көмір импорттауға тыйым салатын жарлық күшіне енді. Еуроодаққа мүше мемлекеттер мұндай шешімді сәуір айында қабылдаған. Бұл – Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы салынған санкциялардың бірі.

Сәрсенбіде Ұлыбритания да Ресей көмірінен бас тартты.

Еурокомиссия ақпаратына қарағанда, санкция салдарынан Ресей жылына 8 млрд доллар жоғалтады. Еуроодақ бұдан былай Солтүстік Америка, Колумбия, Оңтүстік Африка елдері мен Қазақстаннан көмір ала бастайды.

ЕО көмір алуды тоқтатқаннан кейін, Ресей көмірін Үндістан мен Түркияға бастапқы бағасынан 50 пайыз жеңілдікпен экспорттай бастады.

Еуропа елдері Ресей мұнайынан да біртіндеп бас тартады.

АҚШ наурыз айынан бастап Ресейден мұнай, газ және көмір импорттауға тыйым салған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз