Білім министрлігі: Жыл соңына дейін 37 жатақхана салынады

0
163
фото: media.price.ua / жатақхана

Биыл жыл соңына дейін студенттерге 37 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі. Кейінгі 10 жылда елде тек 8 жатақхана салынған. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

“Жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша салынады. Яғни, инвесторлар өз қаражатына жатақхана салады, ал министрлік оларға мемлекеттік тапсырысты орналастырып, студенттің әрбір жатын орнын төлейді”, — деді БҒМ қаржы орталығының президенті Асқар Ибраимов.

Құрылыс Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында белсенді түрде жүріп жатыр.

Жоғары оқу орындары мүмкіндіктеріне қарай өз қаражаты есебінен жатақхана салады. Кейбір оқу орындары тұрғын үй, жатақханалар мен қонақ үйлерді жалға алу арқылы студенттердің тұрғын үйге деген қажеттілігін төмендетуде. Қазіргі уақытта 13 ЖОО, 5 мың студент үшін жатын орындарды жалға алып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз