Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Бұл жөнінде оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Аймағамбетовтың сөзінше, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады. Бала орыс және ағылшын тілін үйренбей тұрып ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Министр бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады деп санайды.
“Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні енгізіледі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады” деді ол.
Дегенмен орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән – орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.
Бұған дейін мектептерде бірінші сыныптан үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілі қатар оқытылатын. Ағылшын тілі пәні бірінші сыныпқа 2012 жылдан бастап енгізілген.