Биыл ашылған Түркістан «БИЛ» оқушысы Оңтүстік Корея университетінен шақырту алды

0
87

Түркістан «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Нұрболат Полатхан, әлем бойынша ең мықты 56 университеттің қатарына кіретін KAIST университетінен шақырту алды.

KAIST университеті Оңтүстік Кореяның Деджон қаласында орналасқан. Нұрболат онда толық грантта стипендиямен оқитын болады.

Жалпы 4 жылда Корея мемлекеті Нұрболатқа 100,000 доллар грант бөліп тұр. Нұрболат бұл университетке, өзінің математикадан Республикалық және Халықаралық олимпиадаларда алған жүлделерімен көзге түсті.

Оның үстіне Ielts емтиханынан 7,5 ұпай және SAT емтиханынан 1510 ұпай жинап, өзінің ағылшын тілін де жетік меңгергенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, Түркістан «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Абдулла Бақтиеров, әлем бойынша ең мықты 70 университеттің қатарына кіретін CITYU университетінен шақырту алды.

CITYU университеті Гонконг қаласында орналасқан. Абдулла онда толық грантта оқиды. Абдулла, бұл университетке өзінің информатикадан Республикалық және Халықаралық олимпиадаларда алған жүлделерімен көзге түскен.

Айта кетейік, Түркістан «Білім-Инновация» лицейі 2023 жылдың 23 желтоқсанында ресми түрде ашылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз