Оралу Білім және ғылым Биыл мұғалімдердің жалақысын көбейту үшін 1,2 трлн теңге бөлінген

Биыл мұғалімдердің жалақысын көбейту үшін 1,2 трлн теңге бөлінген

0
52

2022 жылы қазақстандық мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 1,2 трлн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 трлн теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді. Оның 121,5 млрд теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 1,04 трлн теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 39,8 млрд теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталған.

Биыл мұғалімдердің жалақысы мен үстемақысын көтеруге 1,2 триллион теңге бөлінсе, 2021 жылы бұл мақсаттарға 740 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Мысалы, 2020 және 2022 жылдарды салыстыратын болсақ, педагогтердің еңбекақысын көтеруге және оларға үстемақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 3 есеге өскен.

“2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. 2021-2022 жылдардың қаңтарында олардың жалақысы да тағы 25%-ға өсті. Сондай-ақ олар біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерін), магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы алады”, – дейді Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз