Дариға Назарбаева Атыраудағы “Білім-инновация” лицейін аралады

0
222
Photo: bil.edu.kz

22 маусым күні мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Атыраудағы “Білім-инновация” лицейінде қонақ болды. Бұл туралы “Білім-инновация” ХҚҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжіліс депутаты мектептің материалдық-техникалық базасымен, заманауи оқу құралдарымен жабдықталған сыныптармен, жаңа smart кітапхана мүмкіндіктерімен танысты. Лицей мұғалімдерімен, оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде оқушылар өздерінің білім саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Мұғалімдер білім мен тәрбие жүйесін кеңінен таныстырды.

Дариға Нұрсұлтанқызы лицей ұстаздарына Қазақстанның болашағы білімді оқушыларды оқыту мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жатқандары үшін өз алғысын білдірді.

Сапар соңында Дариға Назарбаева лицейдің естеліктер кітапшасына алған әсерімен бөлісіп, өз қолтаңбасын қалдырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз