“Дарын Атырау” орталығы өңірдегі 2021 жылдың үздік мұғалімін жариялады

0
619
Әділет Раисов, Атырау "Білім-Инновация" лицейінің математика пәні мұғалімі

Атырау облысы білім беру басқармасының “таланттарды анықтау және қолдау” орталығы өңірдегі 2021 жылы ұстаз ретінде ең көп жетістікке жеткен мұғалімді жариялады.

Халықаралық математика олимпиадасының (IMO-2021) жеңімпазы Айбек Мырзатайдың жетекшісі – Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейінің математика пәні мұғалімі Әділет Раисов.

Оқи отырыңыз – IMO: Халықаралық жарыста қазақстандық оқушылардың барлығы жүлделі болды

“Халықаралық білім олимпиадасында жеңімпаз боп, ел қоржынына жүлде салған атыраулық шәкірттерді дайындауда ұстаздарының еңбегі ерен. Жас та болса, білікті, білімді шәкірт тәрбиелеп, талантты жазбай танып, томағасын шешкен мұғалімдерді де ел біліп жүруі керек деген оймен таныстырғалы отырмыз”,- делінген хабарламада.

“Daryn Atyrau” орталығы Instagram және Facebook парақшаларында Әділеттің 2021 жылы қандай жетістіктерге жеткенімен бөлісті.

Фото: “Daryn Atyrau”

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз