Екі жоғары оқу орнының жаңа ректорлары сайланды

0
712
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

“Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің” ректор лауазымына Қанай Гүлмира Әмірханқызы және “Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің” ректор лауазымына Біләлов Дархан Нұрланұлы сайланды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Екі кандидатта университетке ректор болып Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайланды. Республикалық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, салалық кәсіподақтың және «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кіреді.

Әр түрлі жылдары Гүлмира Қанай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Ворвик университетінде (Ұлыбритания), Кембридж университетінде (Ұлыбритания) оқып, докторлық диссертациясын қорғаған. Гүлмира Әмірханқызы осыған дейін Кембридж Университеті мен Назарбаев Университетінде қызмет атқарған.

photo: zakon.kz / Қанай Гүлмира Әмірханқызы

Әр жылдары Дархан Біләлов Еуразия ұлттық университетінде, Солтүстік-Батыс университетінде (АҚШ) және Пенсильвания мемлекеттік университетінде (АҚШ) білім алған. Соңғы оқу орнында жоғары білім берудегі көшбасшылық бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Дархан Нұрланұлының БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, Назарбаев университеті, Пенсильвания мемлекеттік университетінде жұмыс тәжірибесі бар.

photo: GSE / Біләлов Дархан Нұрланұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз