Елбасы барлық университет бітіруші түлектерді құттықтады

0
524

Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің түлектеріне диплом табыс етуге арналған салтанатты шара барысында Республикадағы барлық университет бітіруші түлектерді оқуды табысты аяқтауымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті: Мен Назарбаев Университетінің бітіру кешіне төртінші рет қатысып отырмын. Еліміздің басқа университеттерде жастарымыз оқуларын бітіріп жатыр. Көптеген жетік мамандар шығуда. Елдегі барлық университет бітіруші түлектерді қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын.

Осы жылы жазда бүкіл ел бойынша 140 мың жас азамат көптен күткен дипломдарына ие болады. Оқу жылы аяқталған күн қуанышты оқиға болып табылады. Бұл жастардың еңбекқорлығы, жігерлілігі мен білімін көкке көтеретін күн. Бүгін профессорлар, жетекшілер және ата-аналарға алғыс айтылып жатыр. Университет түлектері оннан астам стартап пен бизнес-жобаларды жүзеге асырып, соның арқасында жұмыс орындарын құруға септігін тигізді. Дәл осы біздің елдегі адам капиталы өсімінің және білім сапасының жоғарылығын айқындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз